Демалысын балаларымен бірге өткізген Айдарқұлов елді тәнті етті

412

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде балалары мен ата-анасымен бірге түскен суретін жариялап, елді сүйсіндірді. Өнер иесі демалысын бала-шағасымен бірге өткізген.


Дәурен Айдарқұлов ата-анасы мен балаларымен бірге түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте актердің барлық перзенті бой көрсеткенін байқауға болады. 
Кино және КВН жұлдызы бір демалыста барлық балаларының басын қосуды жөн көрсе керек.


Аталмыш отбасылық сурет бірден желідегілерді тәнті етіп, көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды. Актердің оқырмандары оның барлық перзенттерін бір үйде жинағанына аса қатты қуанған.


 "Керемет фото. Осы жылдың үздік фотосы десек те болатын шығар", "Қандай жылы сурет. Дәурен бақытты болыңыз. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Ұлдарыңыз өзара қатты ұқсайды екен", "Балалар мәз, осындай бақытты күндеріңіз көп болған. Сіз де бақытты болуға лайықтысыз", "Бақытты балалық шақ тілеймін. Екі әйеліңіздің біреуіне қосылсаңыз, жалғастырсаңыз ұрпағыңызды жақсы болушы еді. Әр анадан болған соң балалар қатты бауырмал болуы бірталай және әке мейрімін толыққанды көрмегені қиын", "Алтыншы перзенттің анасы кім болар екен", - деп жазды көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.