"Мен үшін маңызды күн" - Сиви (ВИДЕО)

566

Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Сиви Махмуди тағы тұрмысқа шығуы мүмкін, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Сиви бүгін өзі үшін "маңызды күн" екенін атап өтті. 

"Мұндайды ешкім күтпеген шығар. Қыздар деген осындаймыз. Қаласақ, бірнеше секунд ішінде ең қалаулы іс-шараға дайын болып шығамыз",- деген ол ақ көйлек киген видеосын жариялады.

Айта кетейік, Сиви Махмуди 10 жылға жуық отасқан жарымен ажырасқанын хабарлады. Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады. 



"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", – деді ол.