"Халық жек көріп кетпесе екен": Жігер Ауыпбаев елден жасырған құпиясын ашты
849
"Халық жек көріп кетпесе екен!" Кино әлеміне аяқ басқан әнші Жігер Ауыпбаев елге өтінішін жеткізді. Ол көрермендер көгілдір экрандағы образын шынайы өмірдегі Жігермен шатастырып алмаса екен деген тілекте, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi Stan.kz ақпарат агенттiгiне сiлтеме жасап.
Жігер Ауыпбаев отандық "Бақыттың кілті" телехикаясына түсті. Аталған картинадағы серігі - Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. Айтуынша, ол кадрда жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Өзін алғаш рет актер ретінде сынап көрген Жігер көрермендерге өтінішін білдірді.
"Халық жек көріп кетпесе екен. Жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Ол да керек болды. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарымның бірі. Еліміздің басты арналарының бірінен көрсетілетін телехикая болғандықтан, оған шақырту алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондықтан берілген рөлге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім", - деді ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.