Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөліскен сәтін көрсетті
Алтынай Жорабаева көптен күткен жүктілігі туралы жолдасы мен жақындарына қалай хабарлағанын көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әнші қуанышты жаңалығын, ең алдымен, жолдасы мен қыздарына хабарлаған. Олар бұл хабарға қатты қуанған. Артынан Алтынай Жорабаева жүктілігі туралы туған інісі Талғат Жорабаев пен оның келіншегіне айтқан. Олардың да бұл хабарды қалай қабылдағанын түсіріп алған. Бейнежазбада әншінің бауыры қуаныштан әпкесін құшақтағанын көруге болады. Ал ата-анасы болса, бұл қуанышты хабарды естігенде көз жасына ерік беріп, қызына ақ тілегін білдірген.