Стильдерін өзгертіп тастаған Жолдыбаеваларды ел танымай қалды

454

Фото: видеодан скриншотЖеліде Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалардың жаңа видеосы тарап, бірден елдің қызу талқысына қалды. Алайда, бұл жолы желідегілер оларды ашық образ үшін сынның астына ала алмаған. Себебі, қос жұлдыз стильдерін өзгертіп тастап, көпшілікті қатты таңғалдырды. Кейбір оқырмандар тіпті оларды танымай қалған.

Аталмыш видеоны Алтынай Жолдыбаева өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада қос әртістің ерекше образда көшеде серуендеп келе жатқанын көруге болады.

Әдетте, барынша ашық киініп сөзге қалып жүрген арулар бұл жолы барынша жабық киінген. Оған қоса, Кәмшаттың да, Алтынайдың да шаш үлгісі үлкен өзгеріске ұшырағаны байқалады.

Бірі қара әрі қысқа шашты болып кетсе, екіншісі шашын сарғыш түске бояп тастаған көрінеді. Алайда, көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның шашын кесіп тастағанына сенімсіздік білдірді. Олардың сөзінше, өнер иесі бар болғаны парик киіп алған болу керек. 

Желі қолданушылары стильдерін өзгерткен жұлдыздарды бірден тани қоймаған. Өз таңданысын жасыра алмаған халық желіде нағыз қызу пікірталас ұйымдастырды. 

"Сіздерді танымай қалдым. Көктем келіп, сіздер де өзгеруді шештіңіздер ме?", "Керемет, сіздерді мұндай кейіпте көрген де, көрмеген де бар", "Өте жарасып тұр. Жарайсыздар", "Шынымен, танымай қалдым. Кәмшат шашын қиып тастаған ба не?", "Сіздер не кисеңіздер де жараса кетеді", "Керемет стиль. Осы бағыттарыңыздан таймаңыздар. Ашық образдарға қарағанда осылай жүрген жарасымдырақ", "Халық сынайтын нірсе таба алмай қалды деген осы", - деп жазуда желідегілер. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.