Жазира Байырбекованың денсаулығы сыр берді

2 526

https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/Белгілі әнші Жазира Байырбекова гастролдік сапарда жүріп, аяғын баса алмай қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі аяқкиімін кие алмайтын жағдайға жетіп, дереу хиджама жасатқан. 


“2 маусымнан бері Ташкент, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Астана, әр қалада жүрміз. Белім ауырып жүрген соң Жетісайға кетіп бара жатып, Сарыағашта мануалист маманға соқтық. Емін жасап соңында тобығыма хиджама жасады. Ойбаааай, табыққа жасағанда жаман ауырады екен. Бірақ шынында мықты маман екен. Ол менің бүгін халықтың алдына шығып ән айтатынымды білсе бұл процедураны жасамас па еді деп ойлаймын. Мен де кім екенімді, қандай жұмыс істейтінімді айтпағам. Қатты ауырды. Өкшемді баса алмай, аяқкиімімді толық кие алмадым кешке дейін”, – деп жазды әнші.