Димаш Құдайберген Қытайға қайта оралды

577

Димаш Құдайберген  әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін Қытайға қайта оралды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әнші карантиннің кесірінен 2 жылға уақыт  көрерменімен қауыша алмағанын атап өтті. 

"Бір айға жуық оқшауландым және осы уақытта көптеген жоспарлар құрдым. Оларды Қытайдағы командаммен бірге жүзеге асырамын. 
Сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін концерттер мен телевизиялық бағдарламаларға қатысамын (егер ол жақта карантинге байланысты шектеулер болмаса). 

Әлемде болған карантин менің жоспарларымды бұзғаны раc, бірақ осы сәттен бастап сіздерді өз шығармашылығыммен қуантатын боламын. Сіздерді жақсы көремін", – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.