Жайдарманшы Мансар Орынхан енді депутат болмақ

2 500

Фото: Instagram/mansar.million“Миллион” жайдарман командасы арқылы көпшілікке танылған әзілкеш Мансар Орынхан саясатқа бет бұрды. Өнер иесі Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мансар Орынхан бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, келер уақытта басымдық бергісі келетін бағыттарын атады. Ол мәдениет пен өнерді қолдау, спортты дамыту және жастардың әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

“Мәдениетке қолдау, спортқа серпін, елге даму! Елдің ең үлкен байлығы – оның адами капиталы. Әр азаматтың қабілетін ашу, жастардың әлеуетін қолдау, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағының негізі”, – деп жазды ол.

Жайдарманшы қоғамның дамуы үшін мәдениет пен спортты қолдаумен қатар, азаматтардың қабілетін шыңдауға жағдай жасау маңызды деп есептейтінін жазды.

“Мәдениет пен өнерді өркендетіп, спортты дамыту арқылы ұлттың рухани және зияткерлік әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетті, дені сау әрі өркениетті қоғам қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Адам капиталына инвестиция – елдің жарқын болашағына жасалған қадам”, – деп толықтырды Мансұр Орынхан.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашаға белгіленген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.