Маржан Арапбаева жол апатына түсті

1 407

Фото: https://www.instagram.com/arapbayevamarzhan/Танымал әнші Маржан Арапбаева жол апатына түсті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі болған жағдайды жеке парақшасында мәлімдеді. 

“Бір құдай сақтады. Астанаға зорға жеттік. Трассада жол апатына ұшырап, аман қалып, бір Алланың қалауымен үйімізге аман-есен жеттік. Түнде жолда болған жағдай. Ол да бір сынақ немесе абайлап жүр деген бір белгі шығар. Өмірді ерекше бағалап қалдық. Аман қалғанымыз – бір тәңіріміздің қорғағаны. Сансыз шүкір”, – деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік жақында әншінің әріптесі Досымжан Таңатаров та жол апатынанаман қалған еді. 

“Алла сақтап қалды, жолда байқап жүріңіздер! Дөңгелек болтын жиі тексеріп жүріңіздер. Жаңарқалық Қуаныш, Абзал інілеріме Алла разы болсын, тез жөндеп жолға салып жіберді", – деді Досымжан Таңатаров.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.