Динара Қырықбаеваның "Дикий Арманмен" кездесіп жүргені рас па: Әншінің өзі жауап берді

770
Динара Қырықбаева Instagram парақшасында жанкүйерлерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты көптеген қауесеттерге нүкте қойды. Шоу-бизнес өкіліне келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі "Дикий Арман" жайлы болып шықты. Желі қолданушыларын әнші мен қылмыс әлемінің серкесін не байланыстыратыны аса қатты қызықтыруда. Халықтың сөзінше, соңғы кезде олар шетелде жиі кездесіп жүр. 

Алайда, өнер иесі ел күдігін бірден жоққа шығарды. Ол Жұмагелдиевты ағасы ретінде қатты сыйлайтынын әрі оның бойында патриоттық қасиетін қатты бағалайтынын айтты. 

"Отыздан астам сұрақтың барлығы Арман жайлы. Кейін әңгіме болмасын деп осы жерде өзім жауап берейін. Арман менің ағам, досым және жәй ғана жақсы адам. Мен ылғи да осындай ағаларыммен мақтанамын. Арманның бір жақсы жағы: ол өз елінің патриоты" , - деп ағынан жарылды Қырықбаева. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.