Ақбота-Нұр халықтан оңбай сөз естіді
Әнші Ақбота-Нұрдың жаңа «Биле былай» атты әніне түсірілген бейнебаяны көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Көрермендердің бір бөлігі клиптің стилі мен образдары Айгерім Қалаубаеваның бұрынғы бейнебаяндарын еске түсіретінін айтып, салыстырмалы пікір білдірген. Олардың айтуынша, жаңа туындыда би қимылдары мен сахналық образ жағынан ұқсастық байқалған.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Кейбірі әншінің сырт келбеті мен биіне сын айтса, енді бірі оны қолдап, табиғи сұлулығын атап өткен.
«Негізі өте әдемі, табиғи сұлу қыз»,
«Шаш үлгісін тым көлемді етіп қойған, стилистер дұрыс таңдамай қалған сияқты»,
«Би өзіне жарасады, билей берсін»,
«Бүкіл әлем билеп жатқанда, оған неге болмайды?» - деп пікірлер қалдырған бірнеше оқырмандар .
Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары Айгерім Қалаубаеваны үлгі ретінде атап өткен.
Осылайша Ақбота-Нұрдың жаңа жұмысы тыңдарманды бейжай қалдырмай, өнер иесінің шығармашылығы қоғам назарында тағы бір мәрте талқыға түсті.







