Төреғали мен жұбайы ерекше балалар үшін «Кәусар» қайырымдылық қорын ашты

2 336

Фото: Instagram/toregalitorealiБелгілі әнші Төреғали Төреәлі ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық бағытында жаңа қадам жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Төреғали Төреәлі табысының бір бөлігін жаңа «Кәусар» қорына аударып отыратынын айтты.

Журналист Айгүл Мүкей өзінің парақшасында бұл туралы былай деп жазды:

«Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға аударуға шешім қабылдады.
Жаңа қордың атауы — «Кәусар».
Бұл қордың басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету.
Қордың жұмысын Төреғалидің жары Толқын басқарады».
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.