Қыздарға іш киімсіз жүріңдер деп кеңес берген блогер төртінші рет тұрмысқа шықты

407

Танымал блогер, кәсіпкер Айнұр Нұрсейіт бүгін тағы тұрмысқа шықты. Бұл оның төртінші некесі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Атышулы блогер осыдан үш жыл бұрын үшінші күйеуімен дәм-тұзы жараспай ажырасқан.

Айнұрдың алдыңғы некелерінен бір ұл, бір қызы бар. Блогер өзінің күйеуге шыққанын Instagram-дағы парақшасында мақтанып жазды. Сонымен қатар ол көпшілікке жұбайы тарту еткен әдемі шоқ гүлдерін көрсетті.

Бүгін ресми түрде некеміз қиылды,— деді блогер.

Блогердің қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылары оған жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жолдап жатыр.

"Бақытты болыңыз", "Өзіңізге лайықты адам екеніне сенеміз", "Қандай керемет жаңалық",— деп жазды желі қолданушылары.

Алайда блогер кімге түрмысқа шыққанын ашып айтпады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.