Жазира Байырбекова Украинада ата-анасыз қалған балаларды асырап алмақ

586

Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті. Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы әншінің өзі айтып берді. 

"Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім", – деп ағынан жарылды Байырбекова

Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.