Актер Берік Тұрсынбеков Тұрсынбек Қабатовты қорғап, желі қолданушыларының сынына қалды

1 708

Фото: instagram.com/beriktursnbekov.official“Күлпәш” бейнесі арқылы танылған белгілі актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қорғап жазба жариялағаннан кейін, жұрттың қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жазбасында еркектердің де өмірі бір-ақ рет берілетінін, сондықтан қадірін білмейтін әйелмен уақыт жоғалтпау керегін айтқан.

“Қатын жолда, бала белде. Жігіттер, жасымаңдар! Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор етпе. Өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, көңілін табу – біздің міндетіміз емес, өзімізді ойлайық. Бала бағу – еркекке міндет емес, бақыт. Біз бастамай тұрғанда, ес жиыңдар, қатындар халқы”, – деп жазған актер.

Актердің бұл жазбасы қоғамда үлкен дау тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жаппай сынға ұшырады. Көпшілік Берік Тұрсынбековті де “кәнсілдеуге” (cancel culture) шақырып, оның сөзін әйелдерге деген құрметсіздік деп бағалады.

“Берік Тұрсынбеков қанша жерден әйелдің рөлін жақсы сомдағанмен, әйелдің жанын түсіне қоймайды екен ғой..)”,  “Зу-зу Күлпашқа байкот жариялап жібереміз ба, не істейміз?”, “Мынаны оқып, тааңғалып отырғаным бар, Күлпашқа да байкот па?”, – деп жазды олар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.