Актер Берік Тұрсынбеков Тұрсынбек Қабатовты қорғап, желі қолданушыларының сынына қалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
“Күлпәш” бейнесі арқылы танылған белгілі актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қорғап жазба жариялағаннан кейін, жұрттың қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жазбасында еркектердің де өмірі бір-ақ рет берілетінін, сондықтан қадірін білмейтін әйелмен уақыт жоғалтпау керегін айтқан.
Актердің бұл жазбасы қоғамда үлкен дау тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жаппай сынға ұшырады. Көпшілік Берік Тұрсынбековті де “кәнсілдеуге” (cancel culture) шақырып, оның сөзін әйелдерге деген құрметсіздік деп бағалады.
Қаз
Рус






