"Жүрегім тыныш, көзім бақытты": Актер Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші қызға үйленген

2 527

Фото: instagram.com/kajet_smagulТанымал актер Қажет Смағұл шаңырақ көтерген,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Оның жазбасына қарағанда, келіншегі актерден 25 жас кіші.

“Көп адам сезіп жүрген шығар. Өзімнен 25 жас кіші. Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын”, – деп жазды актер.

Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтерген.

Актердің қуанышын өнердегі әріптестері мен оқырмандары жылы қабылдап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. Дегенмен көпшіліктің назарын оның жеке жаңалығынан бөлек, жарының жасы да аударған.

“Қызымен дерлік жасты, педофил ме немене”, “Қасқа, қыздың мұндай қадамға баруына не түрткі болды екен”, “Қазіргі еркектердің көзі қарайған, қызымен жас қыз алып, ана қыз атағы үшін тиген шығар”, “Пранк болса деп армандаймын, әйтпесе әкесімен жасты еркек қой”, “Жап-жас болып, шалды не істемекші”, “Кәрі шал, ұялмайсың ба?” – деп жазды олар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.