Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан салатынын айтты

385

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/?hl=ruОтандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде коронавирусқа қарсы вакцина туралы жазба жариялады. Ақпарат өкілі қауіпті індетпен күресуге көмектесетін екпені қашан салдыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, оның анасы мен көмекшісі бүгінде вакцина алып үлгерген. Алайда, тележүргізушінің өзіне әзірге екпе салуға болмайды. Ақпарат өкілі оның себебін Instagram парақшасында түсіндірді. 

"Кеше анам (67 жаста) және көмекші қызым вакцина салдырды. Қатты уайымдадым. Вакцинадан кейін сәл әлсіздік болды дейді. Шүкір қазір жақсы. Анам салмас бұрын имамдармен сөйлесті, әбден зерттеді. Қажылыққа барып келген соң дін жағынан қарсылық бар жоғын біліп алды. Бізге анамыздың денсаулығы 1-ші орында болған соң, мейлінше қорғанып жүруін, өзін күтуін айтудамыз. Енді 21 күннен кейін 2-ші фазасын салдырады. Ал маған дәрігер 1-2 айдан кейін саламыз деп отыр, жаңа ауырып тұрдыңыз дейді. Егер де ұжымдық иммунитет қалыптасуын қаласақ, қайта баяғы өмірімізге тез оралғымыз келсе  вакцина салдыру керек. Желілерде атой салып қарсылық білдіріп жатқандардың үндемей, тып-тыныш салдырып алғандарын да көзіммен көріп, естіп жүрмін" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.