Айдарбековтар әулеті тағы да келін түсірмекші ме?

1 655
Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас ақыры ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


AlZabi тобының әншісі Заңғар Нұртас НТК арнасына берген сұхбатында жаңа қарым-қатынас құруға дайын екенін де айтып салды.

Жібек мені маған деген жылы көңілімен баурап алған еді. 17 жаста, шетелде, ата-анамнан жырақтамын. Ол маған жылы жүр деп шарф, шұлық әкеліп береді. Дәрісін, дәруменін әкеліп береді. Өзім де де сезім болды, - дейді ол.

Сондай-ақ, елдің "Жібектің түсі суық" деген пікірлеріне өзінің көзқарасын айтты.

Егер мен үйге келін қылып әкеліп тұрсам, әрине ол мен үшін анамнан кейінгі ең жақын адам болды. Ол жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Бірақ, осындай жағдай болды. Нақты не түрткі болғанын айта алмаймын. Бұл жеке өмірім. Бастарыңызға бермесін, - дедімЗаңғар.


"Қазір сезім қалды ма?" деген журналистің сұрағына


Жанып тұрған ештеңе жоқ. Сыйластық қалды. 5 ай болды араласпаймыз. Бір-бірімізге хабарласып тұрмаймыз. Жаңа қарым-қатынасқа дайынмын, - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.