"Әр өңірге бір мектеп": Jah Khalib ауыл балалары үшін мектеп салатынын мәлімдеді

459
Танымал қазақстандық рэпер, хип-хоп орындаушысы, Jah Khalib атымен танылған әнші Бахтияр Мамедов еліміздің он төрт облысында ауыл балаларына мектеп ашатынын мәлім етті. Бұл туралы ол Fametime Tv You Tube арнасына берген сұқбатында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ
тілшісі.

Ресейлік танымал тележүргізуші Лаура Джугелияға берген сұхбатында отандық әнші заманауи мектептерді салу үшін, оған әлі де қаражат жинау керектігін жеткізді.

"Менің өмірімдегі мақсаттарымның бірі – балаларға мектеп салып беру. Қазір ақша жинап жатырмын. Бұл үшін маған көп қаражат керек, себебі мен бір емес, бірнеше мектеп, нақтырақ айтқанда Қазақстанның әр өңірінде, яғни облыста бір-бір мектептен салып бергім келеді.

Оған қатысты өз жоспарларым да бар. Қазір тіпті бұл мектептерді Қазақстанның қай ауылдарында салатынымды да жоспарлап жүрмін", - дейді танымал рэпер. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.