«Қаралмаған жерім жоқ»: Айнұр Тұрсынбаева
2 583
Айтыскер ақын көпбалалы ана болғысы келгенін, алайда ол арманы әлі орындалмағанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Мен көп перзентім болса деп көп армандадым… Қаралмаған жерім жоқ. Бір жерге барсам "Осы сен неге тағы туып алмайсың?" деп сұрамаса екен деп отыратынмын… Әсіресе, көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін… Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар. Көріп қалсақ, бас саламыз… "Неғып тумай жүрсің?!", "Жас кезіңде туып алсаңшы", "Қашан барамыз шілдеxанаға?!"… Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінемін… Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе, жұрттың көзінше…Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік жауапты, естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол… Көп сұраққа жауап беру – ауыр… Адамның көңіліне қарау да мәдениеттің, иманның белгісі..! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік.”, - деп жазды.