"Қанша әйел алсам да өзім білемін": Рүстем Жүгінісов өзін сынағандарға жауап берді
Желіде танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің жеке өміріне қатысты қауесет тараған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Threads желісінде Альбина есімді қолданушы “Рүстем Жүгінісовтің екінші тоқалының жазбалары” деп жазба жариялады. Сондай-ақ қолданушы Instagram парақшасынан скриншоттар қалдырған.
Скриншоттардағы парақша иесі өзін әншінің екінші жары ретінде таныстырған. Ол жазылушыларының сұрақтарына жауап беріп, 23 жаста екенін, бүгінде “күйеуімен” тұратынын айтқан.
– Күйеуіммен”
Алғашқы неке болса, неге бірінші әйел болуды таңдамадыңыз?Қараңыз, сіз бірінші болып шықсаңыз да басыңызда неше түрлі сынақ болуы мүмкін. 1-2 ай тұрып ажырасып кетуіңіз де мүмкін. Ешнәрсеге кепіл жоқ”, – деп жауап берген ол.
Тағы бір жауабында келіншек күйеуінің үш әйелі бар деп мәлімдеген.
“Қызғанбайсыз ба? Екі жылда үшіншісін ала қоймас?
– Алды ғой сол екі жылда. Әрине, қызғанамын, кез келген әйел қызғанады.
Үшінші әйел алды деп шын айтып отырсыз ба?
– Әрине, шын.
Үшінші әйелінің де бірінші некесі ме?
– Жоқ, балаларымен алды.
Үшінші некеге сізбен некелескеннен қанша уақыттан кейін тұрды?
– Тура екі жыл болуға 3 ай қалғанда.
Үшеуіңізді де тең көре ме? Қай жақта көп жүреді?
Тең көру мүмкін емес қой. Ол нәрсе құранда да жазылған”, – деп жазған ол.
Осы жазбалардан кейін желі қолданушылары әнші Рүстем Жүгінісовті жаппай сынның астына алған.
Әншінің жауабы
Осы тұста әнші Рүстемнің өзі де жеке өміріне қатысты қауесетке пікір білдірген.







