Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай қиналғанын айтты

1 033

Кезінде артық салмақтан жапа шеккендердің бірі - Ләйлә Сұлтанқызы. Тележүргізуші артық килограммдардан арылу үшін біраз тыраштанғанын айтады. "Бойжеткен шағымда толық болдым" деген Ләйлә артық салмақтан қалай қиналғанын жекізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/?hl=ru

"Бойжеткен, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ, - дейтін. Біріншіден, әдемі киінгім келеді. S, M өлшемді киім кигің келеді, ал сен XXL бергенде көңілің кәдімгідей жабырқайды. Жасың небәрі 20-да болып, саған 35 бергенде, тіпті көңілің түседі. Сол себепті терең депрессияға түскен кездер де болды", - деп бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.



"Артық салмақтан арылуыма ең бірінші кезекте махаббат көмектесті. Өмірге деген махаббат, болашақ жарыма деген махаббат. Мен тырысамын, ол менің қолымнан келеді. Сол сияқты барлық адамның қолынан келеді. Ең бастысы, әр дүйсенбі бастау емес, дәл қазір бастау. Өзіңді жақсы көре бастау. Өзіңе не керек екенін анықтап, жаза білу", - дейді Сұлтанқызы. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.