Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуіне қалай алданғанын айтты

496

Жақында ғана туған күнін атап өткен Мөлдір Әуелбекова қымбат көлікке ие болды. Instagram оқырмандары темір тұлпарды әншінің бұрынғы күйеуі сыйлады ма деген ойға келді. Әнші жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Фото, https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/


"Көлікті бұрынғы жолдасыңыз алып берді ме?" - деген сауалға әнші: 


"Керісінше бәрі. Қайта соның кесірінен қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған "камриімнен" айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой", - деп жауап берді.





Мөлдір осы уақытқа дейін қымбат сый жасайтындай жомарт адамды кездестірмегенін атап өтті. 

"Маған ешкім ештеңе алып бермеді. Өмірімде ондай мәрт адамды кезіктіріп көрмеппін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім өзімнің 18 жылдық еңбегім. Аллаға шүкір", - деді ол. 


Сонымен қатар, әнші жеке өміріне қатысты сыр шертті. 

"Артыңыздан жүрген жігіттер бар ма?" - деген сұраққа Әуелбекова: 


"Көп, бірақ шанс жоқ", - деп қысқа қайырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.