Роза Әлқожа аза тұту күніне байланысты концертін кейінге шегерді

1 353

Отандық әнші Роза Әлқожа қайғылы қазаға байланысты елордадағы кешін кейінге шегерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қаза қайырлы болсын. Абай облысына қайғырып көңіл айтамыз! Тосыннан келген қазаға байланысты бүгін Астанада кешіміз болмайтынын ескертеміз", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram парақшасында. 


Айта кетейік, осыған дейін елімізге танымал тұлғалар да Абай облысындағы өртке қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. 


Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған. 


9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан "Семей орманы" резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады. Сол күні із-түзсіз жоғалған үш орманшының қаза тапқаны хабарланып, 11 адамды іздеу жұмыстары жалғасты. 


Ал маусымның 10-ы күні кешке із-түзсіз жоғалған орман шаруашылығының қалған 11 қызметкерінің өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.