Қызылордалық композитор Арман Қайназаров өмірден өтті ма?

2 397

Әлеуметтік желіде ақын, композитор Арман Қайназаровтың дүниеден өткені туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сазгердің неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ. Facebook қолданушыларының айтуынша, Арман Қайназаров “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылғандығы айтылған.


Бұған дейін көптеген танымал қазақ әндерінің авторы Арман Қайназаровтың үйсіз-күйсіз жүргені белгілі болған еді. Кейін сазгерге көмек қолын созған жандар да табылды.


Арман Қайназаров – Ұлықпан Жолдасов, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әншілердің орындауындағы әндердің авторы.

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.