"Асқар тауымнан айырылдым": Анна Данченко отбасындағы қаралы хабарды жеткізді

664

Танымал тележүргізуші Анна Данченко отбасындағы қаралы хабарды жеткізді. Ол әкесінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

"Әкемізбен ертең қоштасамыз. Алматыға жаныма көшіріп алып келем дегенде асқар тауымнан айырылдым", - деп бөлісті Данченко. 


Айтуынша, әкесі ұзақ уақыт бойы ауырып, қиналған.

"Әкем тыныш қана, ұйықтап жатып кетіп қалды. Далаға небәрі 5 минутқа шығып кетіп едім. 
Ол ұзақ уақыт бойы ауырды, қиналды. Бірақ әркез мен үшін уайымдап, жұмыстан күтіп отыратын. Жаны ауырса да, күлімсірейтін. Менің жаным одан жүз есе ауырды, бірақ өзіне ешқашан білдірген емеспін. Қазір жаның тынышталды деп сенемін. Тыныш ұйықта, әке
", - деп жазды тележүргізуші. 




Анна Данченко мен оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.