Балжан Бидаш ажырасудан кейін күйзеліске түскенін айтты

2 548

Фото с instagram/bidash_officialОтандық танымал әнші Балжан Бидаш ажырасудан кейінгі өмірі туралы жан сырын ақтарып, күйзелістен қалай шыққанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балжан Бидаш басынан өткен ауыр кезеңді Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Ол ажырасудан кейін күйзеліске түссе де, психолог мамандарға жүгінбегенін жеткізді. 

"Достар шыны керек ажырасуға қатысты сұрақтардан шаршап кеттім. Нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда ажырасып кетемін деп ойламайды. Соңына дейін сол жанмен бақытты боламын деп ойлайды. Тағдыр болмаса қарым-қатынастың уақытында тоқтағаны дұрыс. Біздің де қарым-қатынасымыз тоқтады. Ажырасу кімге болса да оңайға соқпайды. Күйзелісте болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек күйзелісте жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Түрлі бизнес тренингтерге қатыстым", - деп жазды әнші.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.