Алтынай Жорабаева ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізді

2 691

Фото: Видеодан скриншотҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаеваның отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесі ата-анасының алтын тойын дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында дүбірлі тойдан видео жариялап, көпшілікке отбасылық қуанышы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі туған інісі Талғат Жорабаевпен бірге ән шырқап, ата-анасын мейрамхана төріне алып шықты. Одан кейін әкесі, іні-бауырлары мен әулеттің күйеу балалары әншінің анасына гүл шоқтарын тарту етті. Тойға жиналған көпшілік той иелеріне ақ тілектерні жолдап, бағалы сыйлықтарын табыстады. Алтынай Жорабаева барша ұл-қыздары, келіндері мен күйеу балалары атынан әкесіне Chery Tiggo 7 Pro автокөлігін, анасына италиялық шуба сыйлады. 

"Алтын таққа лайықты асыл жандар, Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар. Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға, Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар. Бұйырыпты сіздерге осы бақыт, Өміріңіз баға жетпес асыл ақық. Тағы да 50 жылда бірге жүріп, Болыңыздар отбасына алтын, жақұт", - деп өлең жолдарын арнады Жорабаева.