Желіде Қайрат Нұртастың “егізі” пайда болып жұртты таңғалдырды

2 555

Коллаж: sn.kzӘлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртасты айнытпай қайталайтын ер адамның видеосы таралып, жұрттың қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бейнежазба авторы өз бейнесінің танымал әншіге қатты ұқсайтынын білетіндей, роликке Қайрат Нұртастың әнін қоюды да ұмытпаған.

Пікір қалдырушылар ер адамның сырт келбетіне таңғалып, түрлі әзіл аралас ойларын жазып жатыр.

«Ауылда жүрсең, сені Қайрат деп шатастырады», «Қайраттың туған інілері де бұлай ұқсамайды», «Мынау — Қайраттың көшірмесі ғой», «Аз ғана еңбек етсе, тура өзі болып кетеді», «Қайраттың эконом-нұсқасы», «Ұқсастық керемет! Енді өзің мен Қайраттың кездесуін күтеміз», — деп жазды желі қолданушылары.

Видео иесі де бұл ұқсастықты жақсы білетін секілді — роликке Қайрат Нұртастың әнін арнайы қосып қойған.

@turandos #kair #kn #torgai #Kazakhstan #turan ♬ О Махаббат - Kairat Nurtas
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.