"Ата-енені жақсы көруге міндетті емеспіз" - Әсел Асқар

740

Танымал блогер ата-енеге сәлем салу туралы ойын білдірді - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Блогердің айтуынша "Біз өз ата-анамыздың алдында бас имейміз. Ал бірақ бізді туып, тәрбиелеп, оқытып, бар махаббатын берген кісілер солар. Ал мұнда бөгде адамдар. Иә, әрине, екінші жартыңның ата-анасын бөтен деп қабылдауға болмайды. Дегенмен, оларды жақсы көруге де міндетті емеспіз. Олар да бізді ұнатуға міндетті емес. Бірақ оларды сыйлауға, тәрбиелеп өсірген баласы үшін алғыс айтуға міндеттіміз", -дейді . 

Блогер ата-енеден өз шекараңды қорғау қажет екенін алға тартты. Ол  өз қалауыңды тікелей үлкен кісілерге емес, ерің арқылы жеткізе білу керектігін атап өтті. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.