Белгілі актер Бауыржан Сатов:«Ажырасқан әйелді алған еркектің несібесі мол болады»

2 366

Фото:instagram.com/baurzhansatovЖеліде белгілі актер Бауыржан Сатовтың ажырасқан әйелге үйленген ер адамдар туралы айтқан пікірі тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Ажырасқан, баласы бар әйелді алған ер азаматтың несібесі көп болады. Олар ішіндегі саяз ойларын алып тастап, жүрегіне кеңдік беріп үйленеді. Ол әркімнің қолынан келе бермейді. Баласы бар болса да қарамай жатамыз. Ал ондай адамға Алла ризық береді. Ол өзіне, әйеліне, баласына ризық алады. Байқасам сондай адамдар жетістікке жетеді. Оны айналамнан көп көріп жүрмін», деді актер.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

«Ажырассам қалай болады деген әйелге мотивация беріп отырсың», «Ер адамға лайық сөз айттың», «Терең ойлайтын адамдар бар екен», «Өз баласы мен әйелін тастап, басқа әйелді баласымен алған еркек туралы не айтасың?», «Одан да керек емес. Бұрынғы күйеуімен арласады, балалар өз әкесіне барады. Өз басымнан өтті», деп жазды олар.