"Қазақтар соғыс болса да той жасайды"
425
Қазақстанда үйлену тойлары мен көп адам жиналатын мерекелік іс-шараларды өткізуге ресми түрде рұқсат берілді. Бұл жаңалықты естіген өнер жұлдыздары қуана қабылдады. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Өмірқұл Айниязов алдағы тойлардың карантиндегі тойлардан қандай айырмашылықтары болатынын айтып, пандемия кезінде де жұмыссыз қалмағанын жеткізді деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Той өткізуге рұқсат бергенін, әрине, қуанышпен қабылдадық. Алайда, карантин кезінде де тойға, кішігірім отырыстарға шығып жүрдік. Мұны бәрі де білетін шығар. Осы орайда айта кетейін, әншілерді карантинде тойға барды деп кінәлаудың қажеті жоқ. Алдымен карантинде той жасағандар туралы ойлау керек. Егер тойға шақырту келмесе, ешбір әнші бармайды. Ал шақыртуды той иелері жібереді. Сондықтан, мәселеге барлық жағынан қараған дұрыс деп білемін.
Жалпы, өзім карантинде қарап қалған жоқпын. Басқа да жұмыссыз әріптестерім не істегенін білмеймін, жеке өзімнің айлығым үзілген жоқ. Себебі, біраз жылдан бері Алматы облысындағы Сүйінбай атындағы филармонияда жұмыс істеймін. Карантинде айлығым тоқтаған да жоқ, азайған да жоқ, сол қалпында түсіп отырды.
Айтарлықтай қиналдым деп айта алмаймын. Тіпті, былайғы кезде қолым тимейтіндіктен, бос уақытты пайдаланып өз бизнесімді ашып алдым. Мал шаруашылығына бет бұрып, көптен ойда жүрген мақсатымды орындадым", - дейді әнші.
Сонымен қатар, Өмірқұл Айниязов көпшілік секілді мейрамхананың артқы есігінен емес, алдыңғы жағынан кіретініне қуанатынын айтты.
"Бұған дейін ресторанның артқы жағынан кіріп келдік. Қапталынан да, басқа жерінен де кірдік. Артқы жақтан кіргенде тойдың бер жағында болып жатқан дүниелердің бәрін көреді екенсің. Кухня бар, басқа да шаруашылық бөлмелері бар. Солардың бәрін басып өту маған ыңғайсыздау еді. Енді ресторанның алдынан кіретінімізге қуанамын.
Негізі, қазақ ешқашан тойсыз отыра алмайды. Қазақ қандай заман болса да қызын ұзатып, ұлын үйлендіреді. Қазақтар соғыс болса да той жасайды. Сондықтан, мұндай қиын күндер де көрген түстей ұмтылатынына сенемін.
Карантинде домбырамды алып, үлкенді-кішілі тойларда, беташарларда, мерейтойларда болдым. Мұны еш жасырмайын. Тойға барғаным рас. Жалпы, көпшілік халық қарап отырған жоқ, тойға барды", - дейді өнер иесі.