Блогер Елдос Колобок жалғыз ұлына ұланасыр той жасады

2 561

Коллаж: Sn.kzБлогерлер отбасы Елдос Кәдірханов пен Таңшолпан Шотаева баласының бесік тойын жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жайында блогер әлеуметтік желіде жазған. Сондай-ақ баласына арнап ән салған видеосын жариялады.

"Осы сәтті он жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет! Бізден бақытты адам жоқ!", - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Аман-есен үлкен азамат болып өсе берсін", "Құтты болсын! Дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын! Ақылды азамат болып өсе бергей", "Халықтың баласын абайлап ұстаңдар" деп жазды оқырман қауым.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.