Танымал блогер өзімен кездесу құнының қанша тұратынын айтты

2 346

Мадлен лақап атымен танымал блогер өзімен кездесу құнын 1 млн 200 мың теңгеге бағалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Мәдина Мамадалиева өзімен кездескісі келетін қыздарды жақсы жаңалықпен қуантты. Блогер қомақты қаржы ұсынса, қыздармен кездесу ұйымдастырып, бірге уақыт өткізетінін айтты.


“Мен сені өз көлігіммен алып кетемін. Екеуіміздің оңаша қалып, сөйлесуге үш сағат уақытымыз болады. Тек сен және мен жан сырымызды ақтарамыз. Сырларыңмен бөлісесің, мен саған өз құпияларыды айтамын. Тамақтанамыз, ішеміз, әңгіме айтып, энергия алмасамыз”, – деп жазды Мадлен.


Үш сағаттық кездесудің құны – 1 миллион 200 мың теңге.


Алайда мұндай мүмкіндікті тек қана қыздар қауымы пайдалана алады.


“Барлығы үш кездесу болады. Бір кездесудің бағасы – 1 миллион 200 мың теңге. Мен өз уақытымды бағалаймын. Тек қана қыздар. Жігіттер үшін сәл қымбаттау болады”, – дейді танымал блогер.