Әбдіжаппар Әлқожа жасырын тойларда өнер көрсеткенін мойындады
307
Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа карантин кезінде жасырын тойларда ән айтып, үлкен табысқа кенелгенін мойындады. Шектеулерге қарамастан өнер көрсеткен эстрада жұлдызы соның арқасында өзіне зәулім үй салып алғанын айтты.
Әбдіжаппар Әлқожа ел арасында "той әншісі" болып кеткеніне карантин кезінде қатты қуанғанын жасырмады. Көптеген әріптестері жұмыссыз қалғанда өнер иесі жасырын тойларға шығып, пайда тапқан. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты.
Эстрада жұлдызы жасырмай, қалың көпшілікке өзі жайлы шындықты жайып салды.
"Мені "тойдың әншісі" дейтін көптің сөзіне, өмірімде қатты қуанғаным болды. Ол карантиннің ішінде жасырын тойға кіріп жүргенде. Пандемия деген індет елімізге келгелі біраз тойлар жасырын болды. Ал сол жасырын тойларда мені халқым шақырып талайын елмен бірге атқардық. Атқарып та жүрміз. Енді соның жемісі! Карантинде үй салдым.
Қаншама өзім өмірде көрмеген кәсіптерді бастап көрдім. Көлік жуу орталығы, балалар дүкені. Көмек, жәрдем (ол айтылмайды). Әндерді топырлатын жазбасам да Алла басымдағы бағымнан айырған жоқ. Елдің ортасындамын. Шүкір. Қатты жанып кетіп жатқан жұлдызды да көргеніміз жоқ. Алла бергенінен таймасын деп өзіңізге ұнаған тірлікті жасай беріңіздер ағайын ", - деп жазды Әбдіжаппар.