Блогер Жан Ахмадиев Баян Алагөзовадан кешірім сұрады

2 598

Коллаж: sn.kzҚоғам белсендісі әрі блогер Жан Ахмадиев Баян Алагөзовадан бұрын айтқан сөзі үшін өкініп, кешірім сұрады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«“Темір қатын” деген әнімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғанмын. Сол үшін ол ренішін білдірген еді. Ол кезде мінезім жас болды. Бірде “әйелді аптасына бір рет ұрып тұру керек” деп айтқаным да бар. Бірақ бұл — бұрынғы Жан Ахмадиевтің сөзі. Қазір ондай ойдан толықтай бас тарттым», — деді ол.

Блогер өзінің асырап алған отбасында өскенін, соның әсерінен іштей әйелдерге деген реніш қалып қойған болуы мүмкін екенін жеткізді. Сонымен қатар, қоғамда әйелдердің бағалануы жеткіліксіз екенін, керісінше ер адамдардың әлсіреп, зорлыққа жиі бару жағдайларының көбейгенін айтты.

«Мені көріп отырған барлық әйелден кезінде айтқан ауыр сөздерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын», — деді Ахмадиев.