"Сіздерден сүйінші сұрайтын уақыт жақындап келеді" - Дариға Бадықова

1 460

Көпшілікке "Айсара" образымен танылған актриса Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Өнер иесі жақсы жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

"Жаңа образ. Сүйікті көрермендер, сіздерден сүйінші сұрайтын уақыт жақындап келеді. Жүрегімнің соғысы сыртқа естіледі жақындаған сайын. Маған тілеуші, тілекші бола алатын көрермендерімнің көп екенін сезсем тынышталамын. Бүгін бір нәрсеге көзім жетті, жақсылық көп жасасаң, алдыңнан шығады дегенге.

Қатал түрім оттай береді екен барлық адамзатқа езіліп тұрады екенмін", -  делінген жазбасында. 


Оқырмандар өнер иесінің бұл тұспалын "Аяғыңыз ауыр сияқты", "Жаңа кино" деп жорамалдап, құттықтау тілектерін білдіруде. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.