Америкада даяшы болып жүрген қазақстандық әншіге қолдау көрсетілді
Ресейлік танымал жұлдыздардың танылуына үлес қосқан белгілі продюсер Арутюн Таманянды қазақстандық әнші мейрамханада кездестірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айдана Байтұрсынова продюсердің назарын мейрамханада ән айтып аударды. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істейтін қазақстандық Айдана Байтұрсынова күтпеген жерден танымал ресейлік продюсер Арутюн Таманянмен жолықты. Әңгіме барысында Айдана ән айтуды жақсы көретінін жеткізген. Продюсер бірден қызығушылық танытып, қандай әндер орындайтынын сұраған.
Айдана еш қысылмастан ән айтып берген. Оның өнерін тек продюсер ғана емес, мейрамхана қонақтары да бағалап, қошемет білдірген. Таманян әншінің орындауын өзінің ондаған мың жазылушысы бар парақшасына жүктеп, "тіпті жаман емес, тамаша" деп баға берген.







