"Назарбаевқа ұқсайды": Тұрсынбек Қабатовтың "қартайған" түрі қызу талқыға түсті

414

Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанованың отасқанына күні кеше 19 жыл толды. Әзілкештің отбасы осы уақыт ішінде үш қыз, екі ұлмен толығып үлгерді. Айтулы күнге орай Қабатов мұрағаттағы суреттерін жариялады, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: видеодан скриншот

Қабатов келіншегімен отау құрған кездегі суретін жариялады. 

"11 тамыз үйленгенімізге 19 жыл. Алтын тойға жетейік. Ата-әже болайық", - деп тілегін білдірді ол


Одан бөлек, әзілкеш арнайы бағдарлама арқылы жұбайы екеуінің "қартайған" шағын көрсетті. Екеуі бірге ән шырқады. 



Көпшілік Тұрсынбектің қартайған кезде еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа ұқсайтынын айтып жатыр.

"Болат Назарбаев екен деп қалдым", "Назарбаевтан аумай қалады екенсіз", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.