Димаш Құдайберген Антикор басшысымен кездесті

2 687

Фото: АнтикорДимаш Құдайберген елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік төрағасы Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және ашықтықты арттыруға бағытталған әдістермен, сондай-ақ антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды.

Жұмағалидың айтуынша, өнер қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ол өнер адамдарының көзқарасына ықпал етіп, ізгілік қағидаттарын нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

Өз кезегінде, Димаш Құдайберген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, еліміздің болашағы үшін күреске өз үлесін қосатынын жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.