Бір топ әйел Мәдина Сәдуақасоваға алдандық деп шу шығарды
556
Қазақстандықтар тағы да танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, сан соғып қалды. Бұл жолы әнші Мәдина Сәдуақасованың жарнамасын көрген бірнеше әйел белгілі нутрициолог Талшын Артыққызының жарты миллион теңге тұратын курсынан өткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Еуразия" арнасының KOREMIZ бағдарламасында көрсетілді.
Алайда қыз-келіншектердің айтуынша, 500 мың теңге төленген курс өз құнын ақтамаған. Тіпті еліміздегі нөмір бірінші нутрициолог тренинг біткен соң әйелдердің қолына жарамсыз сертификат ұстатқан.
Қазақтілді нөмірі бірінші нутрициолог боласыңдар, мен ашқан академияда білім аласыңдар деген. Ол менің академиямнан сертификат, диплом алып, табыс таба аласыңдар деді. Бірақ бізге берген сертификат, дипломдарының ешқандай лицензиясы жоқ болып шықты,— дейді алданып қалған келіншектің бірі Ұмсынай Ібішева.

"Мәдина Сәдуақасова қаламақысын алып, ол жерге қонақ болып барды. Ол әнші, той-томалақта жүреді. Академияның ашылуы — үлкен той. Талшын Артыққызы Мәдина Сәдуақасовадан лента қиюды және екі ән орындап беруді сұрады. Мәдина ханым: "Осы курсты сатып алыңдар, сонда күшті маман болып кетесіңдер", — деп жарнамалай алмайды. Ол нутрициолог емес, ұйымның құрылтайшысы емес", — дейді Маржан.