Блогер Әлібековтің Lamborghini көлігімен жас жігітті қағып өлтірген жүргізуші сотталды

2 752

Фото: Әлеуметтік желіденТанымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі Lamborghini көлігімен жас жігітті қаққан жүргізуші сотталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жүргізуші “абайсызда қазаға ұшырату" бабы бойынша сотталды. Алайда айыпталушы түрмеде отырмайды. Сот шешімімен күдіктінің бас бостандығы 1,5 жылға шектелді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. 

"Трюк қауіпті екенін біле тұра, бәрібір келістім", – дейді айыпталушы.

Марқұм жігіттің отбасы моральдық және материалдық өтемақы ретінде 210 млн теңге талап етті. Алайда сот бұл соманың тек 5 млн теңгесін өндіру туралы шешім шығарды.

Ал көлік иесі блогер Бейбіт Әлібеков сотқа куә ретінде қатысты. Ол марқұмның туыстарына 10 млн теңге беріп, жерлеу шығындарын өз мойнына алғанын мәлімдеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.