Мейіржан Төребаевтың қамауда отыру мерзімі тағы ұзартылды

483
Танымал актер әрі блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, олар 18 және 20 қарашаға дейін қамауда болады.

«18 қазанда сот шешімімен күдікті Төребаевты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде тағы бір айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстауға санкция беру туралы тергеу органдарының өтініші түсті», - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар сот Мейірхан Шерниязовты да қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты. Ол 20 қарашаға дейін қамауда болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.