"Бөтен елде қалды"

325
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Индира Расылхан Қазақстанда орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өзге елде қалып қойған бала-шағасына жете алмай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, балалары мен анасы тәртіпсіздіктер кезінде шетелде қалып қойған. Өнер иесі оларға қатты уайымдап жатқанын айтты.

"Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” деп атам Қазақ үнемі жақсылыққа сенген ғой. Мына арпалыстан әлі бала- шағама жете алмай жатқан жайым бар. 20 күндей бөтен елде қалған қыздарым мен ұлым және Анамды сағындым. Кім ойлаған. Қолымыздан келер шара жоқта, жаратушымызға тапсыратын жүректегі сенім ғана көңілді жайландыратыны анық. Қазағымды Алла амандықта етсін! Ұрпағымыздың бейбіт өмірде өмір сүруін тіледім. Коскалайымды қатты сағындым", - деп жазды ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.