"Үйімнің алдында жылатып тастап кетті"...
Жақында ғана алғаш рет ана атанған Айжұлдыз Адайбекова өзінің Қыран Талапбекпен айырылысуының себебі туралы бар шындықты айтты. Жанар Айжанованың қызы енесі өзге келінді қалағанын жайып салды.
Айжұлдыз Адайбекова желіде өз оқырмандарымен барынша ашық сөйлесіп, жолдасымен айырылысуы жайлы жан сырын ақтарды. Жас дизайнердің сөзінше, күйеуі екеуінің екіге кетуіне енесінің елеулі септігі тиген.
Жанар Айжанованың қызы көпті қызықтырған мәселе жайлы Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі айтып берген. Айжұлдыз енесіне 24 сағат бойы үйде отыратын келін керек болғанын алға тартты. Оның үстіне жолдасының анасына жұлдызды құдағиі Жанар Айжанова да ұнамай қалған.
"Жүктілігімнің үш айлығында, онсыз да жағдайым мәз емес (токсикоз, әлсіздік) болған кезде ол кенеттен басқа келінді қалады. Бұл сәтте бәрін мен үшін шешіп, киімімді жинап, мені өз үйімнің алдында жылатып тастап кетеді. Сол кезде оның ұлы маған "менің ата-анам сенен бас тартты. Басқа келін керек. Балаға бәрібір. Бәзге 24 сағат бойы үйде отыратын, бас киім кимейтін келін керек. Оның үстіне ол жұмыс істемеуі керек. Ол тек шай құйып отыру керек" деді.
Айырылысуымыздың себебі: мен шай құймаймын, оған менің киімім мен түрім ұнамайды, оған менде токсикоз болғаны жақпады, оған менің блогер екенім ұнамады, оған менің анам ұнамады. Сонымен қатар, қызғаныш сезімі де болды", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.