"Ана бақытын ұзақ күттім"

1 005
Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, сахнаға қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Құдай қаласа оралармын. Қазіргі барымды бағалап, рахаттанып жатырмын. Ана бақытын ұзақ күттім. Сол себептен одан қашу ойымда жоқ. Бұйыртса менің шығармашылығымның жаңа деміне куә боласыздар деп ойлаймын", - деп жазды әртіс Instagram Stories-інде.

Оған қоса эстрада жұлдызы екінші сәби жайлы ойланғанын жеткізді. Алайда болашақта қанша баласы болғанын қалайтынын айтпады.

"Мұны біз шешпейтінімізге сенімдімін", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.