Айжұлдыз Адайбекова бір күнде қанша теңге жарататынын айтты

2 525

instagram.com/aizhuldyz_adaibekovaЖелі жұлдызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова бір күнде қанша теңге жарататынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Блогер оқырмандарымен сырласып, бір күнде қанша теңге жұмсайтынын сұрады. 



“Мысалы, бір күнде статистика бойынша адам 18 мың – 35 мың теңге аралығында ақша құртады. Менің ойымша орташа есеп: таңғы ас шамамен 2000 теңге, түскі ас 3000 теңге, кешкі ас – фастфуд 4000 теңге. Такси шамамен 6000 теңге (бару-қайту бір күнде), сосын жеке қалауларың бар, киноға бару, кездесу, заттар сатып алу дегендей. Осы 30 мың теңгені басқа қайда жұмсауға болады?", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 


Сондай-ақ ақша табу қабілетін әкесінен дарыған қасиет екенін жасырмаған болатын.


“Ата-анасынан айырылғандарды қолдағым келеді. Сіздердегі сағынышты жақсы түсінемін. Бірақ ештеңе жайдан-жай емес. Бәрі – құдайдың бұйрығымен болатын дүниелер. Мінезім, тәуекелшілдігім, ақша табуым әкеме тартқан. Оған сол үшін алғыс айтамын. Қасымда болмаса да, өмір бойы оны, тәрбиесін сезіп келемін. Әке-шешені бағалаңыздар, құрметтеңіздер. Хабарласып, жақсы көретініңізді айтыңыздар", – деп кеңес айтқан еді блогер.