Дастан Оразбековке сыныптастары мен ұстаздары неге ренжіді

445

Фото: Дастан Оразбеков InstagramБелгілі әнші Дастан Оразбеков өзі оқыған мектебіне 9-сыныпты бітіргеннен кейін бас сұқпаған. Биыл мектеп бітіргеніне 22 жыл. 
"Осынша жыл мектепке ат басын бұрмай кеткенім рас. Мен қай жерде жүрсем де, өзімнің оқыған мектебімді жасырмаймын.


 Ешқандай кісі танымай кетушілік, немес менсінбеушілік емес. Уақыт жүйрік қой, қалай осынша жылдар өте шыққанын байқамадым. Дәл осы эфирді пайдаланып, маған ренжіп жүрген ұстаздарым мен сыныптастарымнан кешірім сұраймын. Алайда осы жылы мамырдағы мектеп бітіру кешіне баруды жоспарлап отырмын", --деген атақты әнші мектептегі балалығы мен ең алғашқы махаббатын есіне алды. 


Сонымен қатар, өнер иесі өзінің алғашқы махабббаты туралы айтып берді.


 "Менің ең алғашқы махаббатым Мадина Шарипова. Қателеспесем 6-7 сыныптар еді. Ол қызға 3 жыл ақша жинап 35 сомға сырға сатып алғанымда, ол оны қабылдамай қойды. Себебі ол кісінің таңдауы басқа адам еді", - деп ағынан жарылды әнші.


 "Ең алғашқы" бағдарламасының ұжымы тосын сый әзірлеп, әншінің алғашқы махаббаты болған Мадина Шарипова есімді аруды студияға шақыртып Дастан Оразбековты таң қалдырды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.