Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен шаңырақ көтерді
Әнші Жігер Ауыпбаевтың жеке өмірі соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына айналды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі baq-orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін өнер иесі «Сүйінші жаңалығымыз бар» деп жазып, оқырмандарының қызығушылығын оятқан болатын. Көп ұзамай оның сүйіктісі Муминамен шаңырақ көтергені белгілі болған Әншінің таңдауы өзінен 15 жас кіші аруға түскен. Бұған дейін Жігер Ауыпбаевтың алғашқы некесі аяқталып, бұрынғы жұбайымен ресми түрде ажырасқаны хабарланған. Үйлену тойынан тараған видеолар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, түрлі пікірлерге себеп болды. Кейбір желі қолданушылары жас келіншектің бейнесіне қарап, оның жүкті болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Алайда Муминаның өзі мұны жоққа шығарып, жазба жариялаған.
"Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза. "Жүкті болып тұрмысқа шыққан" деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін! Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқандарға алғысым шексіз", - деп жазды.







